Объявления

Поиск

Проголосовало: 0

Қош келдің, Әз Наурыз!...

Категория: Новости

Міне, бүгінде қазақтың жаңа жылы, яғни наурыз мейрамы тойланып жатыр.Бұл күнде күн мен түн теңеледі.Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды.Жылда асыға күтетін Ұлыстың Ұлы күні- жайма шуақ Наурыз биыл да Инеу Екібастұз колледжінің табалдырығын аттады.

Қош келдің, Әз Наурыз!...

 «Қощ келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара 18 наурыз күні колледж оқытушыларының, студенттерінің ұйымшылдығымен аталып өтті.Бұл күні дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылған күн болды.Таң атқаннан колледжге жиналған жұрт бар жақсысын киіп, ауыл аралап, бір-біріне жақсы тілектер айтты.

Мерекенің ашылу салтанаты «Ұлы Жібек жолы» жәрмеңкесімен басталды.Жәрмеңкеде 3-4 курс студенттері шаһарларға бөлініп, өз сауда-саттығын жүргізіп, музыкалық-мерекелік сәлемімен қарсы алды.

Қош келдің, Әз Наурыз!...

Жасау-жабдығы келiсіп тігілген ақшаңқан киіз үйлер қазақтың кербез сәні мен салтанатының айғағы. Осындай киіз үйлер колледждің әр қабатында мамандықтар бойынша безендіріліп, ауылдарға бөлініп, шаңырақ көтерді.

Қай шаңыраққа бас сұқсаңыз да әсем әннен шашу шашылып, күй төгiлді. 1-2 курс студенттері ата-аналарының қолдауымен наурызкөже, бауырсақ, тәттiлерiн қонақтар мен жалпы көпшiлiкке үлестiрiп, ақтан ауыз тигiзіп, театрландырылған қойылымдарынкөрсетті.

 


шаблоны для dle
Вернуться назад »
  • Автор: Diamond
  • Просмотров: 96
  • Комментариев: 0

Оставить комментарий

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *